"Ақтөбе" футбол клубы Еуропа лигасының іріктеу кезеңі аясында өтетін Польшалық Легияға қарсы кездесуге қызу дайындық үстінде. Алғашқы ойын Варшавада, 10 шілде күні өтеді. Матчқа Польшада жүрген жерлестеріміз барып, жанкүйерлік таныта алады. Клуб жанкүйерлер үшін 200-ден аса орын дайындап қойды. Ал қарымта кездесу Ақтөбеде, 17 шілдеде өтеді. Маңызды матч алдында ақ-қызылдар қатарын жаңа 6 ойыншы толықтырды.