Әлемнің мықты балуандары Ақтөбеде бас қосады. Аймақта 9 тамыз Wrestling Stars халықаралық турнирі өтеді. Додада еркін күрес пен грек-рим, әйелдер күресінен әлем және Еуропа, Азия чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ ел намысын қорғап жүрген жас фавориттер қатысады. Биыл боз кілемде 15 жұп балуан белдеспек.