Ауа райы туралы мәлімет. Ертең, яғни шілденің 4-і облыстың солтүстік бөлігінде күн жауын шашынды болады деп күтілуде. Найзағай болуы ықтимал. Солтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін, кей аймақтарда екпіні 20 метрге дейін жетеді. 


Түнде сынап бағаны 12-17 градусты көрсетсе, күндіз 23-тен 28-градусқа дейін көтеріледі. Ал, өңірдің оңтүстік бөлігінде ауа температурасы 33 градусқа дейін барады. Облыс орталығында күн ала бұлтты, жауын шашын болмайды. 


Күндіз жел күшеюі мүмкін. Түнгі температура 16-18, ал күндіз 27ге дейін ысиды.