25 жасар бойжеткен бірнеше адамды сан соқтырып кетті. Ол 13 адамның атына шағын несие рәсімдеген. Жәбірленушілер алаяқтық дерегі бойынша полицияға арызданды. Тергеу барысында белгілі болғандай, Ақтөбе қаласының тұрғыны өткен жылдың соңында азаматтардың сеніміне кіріп, олардың ұялы телефондарын пайдалану арқылы түрлі микроқаржы ұйымдарынан несие алған. Бұл туралы зардап шегушілер ақпан айында мерзімі өтіп кеткен төлем туралы хабарлама келгенде бір-ақ біліпті.
13 АДАМНЫҢ АТЫНА 3 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ НЕСИЕ РӘСІМДЕГЕН