Шалқарда аудан тарихындағы алғашқы жүзу бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Көктемгі мерекелер қарсаңында №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жанынан салынған бұл нысан тұрғындар күткен маңызды оқиғаға айналды. Спорт кешені ел Президентінің тапсырмасы бойынша спорт инфрақұрылымын дамыту және бұқаралық спортты қолдау бағытындағы жүйелі жұмыстар аясында салынды.