Өңірлік коалицияның ақпараттық-түсіндіру тобы Марат Оспанов атындағы медицина орталығына барды. Кездесуде Жаңа Конституция жобасындағы басты бағыттар мен негізгі өзгерістер, оның ішінде денсаулық сақтау саласына қатысты баптар жіті талқыланды. Ата Заңның жаңа нұсқасындағы 32-ші бапта азаматтардың денсаулығын сақтау құқығы бекітілген және оны іске асыру тетіктері көрініс тапқан. Сондай-ақ, бюджеттен тыс қаражат есебінен медициналық көмекті қаржыландыру көздерін кеңейту сияқты мәселелер қарастырылған.