Жаңа Конституция жобасының мәні мен маңызын насихаттап, патриотизмді ұлықтау мақсатында мәдениет үйлерінде концерттік бағдарламалар қарқынды өтіп келеді. Мұндай мәдени шаралар өткен демалыс күндері де жалғасын тапты. Онда өнерпаздар патриоттық бағытта әндер орындап, шаһар тұрғындарын алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.