Өнер орталығында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара өтті. Облыс әкімі ақтөбелік қыз-келіншектерді көктемнің жарқын мерекесімен құттықтап, олардың қоғамдағы рөлі ерекше екенін атап өтті. Жиында білім, медицина, мәдениет, кәсіпкерлік және мемлекеттік қызмет салаларында табысты еңбек етіп жүрген арулар марапат алып, сый-құрметке бөленді.