Жаңа Конституция жобасы шығармашылық еркіндікке, зияткерлік меншікті қорғауға және мәдени мұраны сақтауға ерекше кепілдік береді. Құжат өнер мен ғылымның дамуына заң тұрғысында негіз жасап, азаматтардың тарихи-мәдени мұраны сақтау жауапкершілігін бекітеді. Қалалық оқушылар сарайының ұжымымен кездескен өңірлік коалиция мүшелері осылай деді. Ақпараттық-түсіндіру тобы балалар мен жасөсіпірімдерді өнерге баулып, шығармашылығын шыңдаумен айналысатын орталық қызметкерлеріне Конституция мазмұнын таныстырып, алда өтетін саяси науқанға белсенді қатысуға шақырды.