Өңір референдум өткізуге сақадай сай. Бүгінде аймақ бойынша 528 дауыс беру учаскесі құрылып, оның 14-і арнайы мекемелерге қойылды. Келушілер үшін ыңғайлы болу үшін барлық дауыс беру алаңы ғимараттардың бірінші қабатына орналастырылды. Ал, ерекше жандар үшін арнайы бұрыш жасақталды. Облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы маңызды саяси науқанға әзірлікті баяндады.