Тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау енді Конституция деңгейінде бекітілмек. Қазақстан Республикасының негізін құраушы қағидаттары туралы айтылған 3-ші бап осындай мәнге ие. Бұл туралы қаладағы шығармашылық академиясының ұжымымен кездескен өңірлік коалиция мүшелері айтты. Сондай-ақ жаңа құжаттың преамбуласында елдің даму жолында мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтары бағдарға алынатыны нақты көрсетілген. Бұл ұлттық өнердің құлашын кеңге жаюына серпін бересі сөзсіз дейді жиналғандар. Өнер адамдары елдегі оң өзгерістерді қолдайтынын және республикалық референдумға бірауыздан қатысатындықтарын жеткізді.