Өңірлік коалиция мүшелері еңбек ұжымдарымен, қарапайым жұмысшылармен, сонымен қатар қала тұрғындарымен жүздесіп, жаңа Конституция жобасының айрықша тұстарын түсіндірді. Кезекті кездесу қаладағы ЖШС-тердің бірінде өтті. Ондағы жұмысшыларға адам құқығы, еңбек адамынының міндеті жауапкершілігі түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.