Тұрмыстық-техника сататын сауда орнының қызметкері ақтөбелік азаматты алаяқтардың арбауынан сақтап қалды. Дер кезінде құқық қорғау саласының қызметкерлеріне хабарласып, қала тұрғынының 10 млн теңгесінен айырылып қалмауына көмектескен. Жәбірленушіні қаскөйлердің қақпанынан құтқарып, ерлік танытқан жұмысшыны бүгін тәртіп сақшылары марапаттады.