Дарынды ұстаздың музыкалық-драмалық кеші. Қаладағы № 40 мектеп ұстазы Нұргүл Нөкеннің "Жан сырым" шығармашылық кездесу кеші өтті. Оқушыларын өнерге баулыған ұлағатты ұстаз бүгінде танымал пьесалардың авторы. Драмалық шығармаларын қала және облыс деңгейінде сахналап, республикаға дейін таныстырды. Білікті педагогтың құрметіне арналған кешке шәкірттері мен әріптестері қатысты. Кездесу "Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту" атты облыстық семинар аясында ұйымдастырылды.