Қалада жүзуден «Көңілді дельфин» республикалық турнирінің бірінші кезеңі басталды. Жарысқа еліміздің 14 облысынан жас спортшылар қатысуда. Турнир жасөспірімдер спортын дамыту және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.