Мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталығының менеджерлерімен бейнебайланыс жасау арқылы рәсімдеуге болады. Жыл басынан бері бұл сервисті 25 мыңнан астам қазақстандық пайдаланған. 7 мыңға жуық өңір тұрғыны қашықтан көрсетілетін қызметке жүгінген. Аталған жоба шалғай елдімекендерде немесе елден тыс жерде тұратын азаматтарға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен бала күтімімен үйден шыға алмайтын жас аналарға ыңғайлы дейді "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының мамандары.