Қалада қиын жағдайдағы 62 отбасы бар. Әлбетте, бұл тек есепке алынғаны. Оларды тіркеудегі мақсат - көмек көрсету. Психологтар, дәрігерлер, мұғалімдер тиісті шараларды жүргізеді. Қазір есептегі отбасылардың жай-күйін үздіксіз бақылау үшін олардың деректері FSM SOCIAL бағдарламасына енгізіліп жатыр. Бүгін Астанадан арнайы мамандар келіп, бағдарламаны қолдануды түсіндірді.