Халық ақыны, жырау Нұрпейіс Байғаниннің 165 жас мерейтойына орай жыраулар кеші өтті. Дәстүрлі өнерді дәріптеп жүрген қыз -жігіттер жырдан шашу шашып, тарихи тұлғаның шығармашылығын насихаттады. Облыстың әр ауданынан жиналған жүйріктердің орындауын танымал мәдениет майталмандары бағалады.