Конституцияның 30 жылдығына орай елде рақымшылық жүргізіледі. Он күн бұрын Президент дәл осындай Заңға қол қойды. Оның аясында рақымшылыққа адамдар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін қылмыс жасағаны үшін сотталғандар ілінеді. Облыс бойынша түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар қанша? Рақымшылық арқылы бостандыққа шығатындар бар ма?