Енді өңірдегі заңды тұлғалар газ тарату желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды Егов.кз порталы арқылы ала алады. "QazaqGaz Aimaq" акционерлік қоғамы онлайн қызметті іске қосты. Онда көгілдір отынға қатысты қызметтер қол жетімді. Әзірге 500 жуық заңды тұлға аталған қызмет түрін қолданып үлгерген.