Өңірге жұмыс сапарымен Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев келді. «Аманат» партиясы фракциясының мүшесі азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындармен ашық диалог жүргізді. Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік көмек, баспана, медицина және жұмыспен қамту сынды өзекті мәселелерді көтерді. Депутат әр өтінішке жеке назар аударып, заң аясында шешу жолдарын ұсынды. Халық қалаулысы сондай-ақ, жақында қабылданған заңдардың өңірде қалай іске асып жатқанын бақылап, тұрғындар тарапынан түскен нақты ұсыныстарды ескеретінін жеткізді. Сапар мақсаты – ел мен Мәжіліс арасындағы байланысты нығайтып, халықтың сұранысын ескеретін тиімді шешімдер әзірлеу,- дейді депутат