28-ші маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі. Кәсіби мерекеге орай облыс әкімдігінде салтанатты қабылдау өтті.

Өңір басшысы сала өкілдерін мерекемен құттықтап, облыстың дамуына қосқан елеулі үлестері үшін алғыс айтты. Кездесуге республикалық және өңірлік БАҚ журналистері, газеттер мен телеарналардың редакторлары, сондай-ақ бұл салаға енді ғана бет бұрған жас тілшілер шақырылды.