Өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекесімен Қазақстан журналистер одағының облыстық ұйымы құттықтады. Салтанатты шарада сөз алған төраға Раукен Отыншин журналистердің қоғамдағы рөлі, шынайы әрі жедел ақпарат таратудағы жауапкершілігін ерекше атап өтті. Аймақ айнасына айналған "Ақтөбе" телеарнасын 65 жылдық мерейтойымен құттықтап, осы ретте арнамыздың бір топ қызметкеріне отандық журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан журналистер одағының Құрмет грамотасын табыстады. Сондай-ақ, бірқатар әріптесіміз Қазақстан журналистер одаңының мүшесі атанды. Қоғамдық ұйымның куәлігі мен төсбелгісіне ие болғандардың қатарында Ақтөбе телеарнасы, жаңалықтар бөлімінің редакторы, тележүргізуші Нұрболат Қуантайұлы да бар.