Өткен жексенбіде "Ақтөбе" футбол клубы Премьер-лиганың 14-ші туры аясында сырт алаңда түркістандық «Тұранмен» кездесті. Ойын ақ-қызылдар командасының сенімді жеңісімен аяқталды. Бірінші таймның бесінші минутында Амаду Думбия есеп ашты. Араға 9 минут салып Данияр Үсіпханов алаң иелерінің қақпасына пенальтиден екінші голды соқты.

Қорытынды есепті екінші таймның қосымша минутында пенальтиді орындаған Ыдырыс Умаев белгіледі. Нәтижесінде – 3:0 есебімен Ақтөбе командасы алға шықты.