Ақтөбелік келіншек алаяқтардың арбауына түсіп, қарызға белшесінен батты. Жуырда қала тұрғынына ватсап мессенджері арқылы бейтаныс адам хабарласып, өзін салық комитетінің қызметкері ретінде таныстырған.

Алаяқ маңызды құжаттар жіберетінін, оны алу үшін 1414 нөмірінен келген кодты айтуын сұрайды. Артынша жалған банк қызметкерінен қоңырау түседі. Оның атына несие рәсімделіп жатқанын айтып, қорқытып-үркіткен.

Ақшаны шұғыл "қауіпсіз жерге" аудару қажеттігін ескертеді. Алаяқтардың айтқанын істеп, бұйрығын бұлжытпай орындаған әйел осылайша 16 млн теңгесінен айырылып қалды.