22-28 маусым аралығында өткен он бірінші халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны аяқталды. Ауқымды шараға Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан сегіз жүзге жуық жас жауынгер қатысты.
Биыл жиын Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры аты аңызға айналған қазақ қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды. Шара аясында қатысушылар түрлі әскери-спорттық және зияткерлік сайыстарда бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша өңірлер номинациясы бойынша Абай облысының «Абай қырандары» әскери-патриоттық клубы жеңіске жетті.
Түркістан облысының «Жас қыран» командасы екінші орынды иеленді. Ал үшінші орынды Түркістан облысының «Арыстан» және Павлодар облысының «Қайсар» клубтары иеленді. Жеңімпаз командалар мен шетелден келген қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.