Патрульдік полиция — құқық қорғау саласының қашанда алдыңғы шебінде. Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, төтенше жағдайларда жедел әрекет ету дәл осы бөлімшенің иығына жүктелген жауапты міндет. Күн-түн демей, мызғымас тәртіппен қажырлы еңбек ететін қызметкерлердің әр күні қарбалас әрі қызу.