Аймақ басшысы Қазақстан полициясы күніне орай 30 жылға жуық уақытын Ішкі істер органдарына арнаған полиция ардагері Елемес Шотановты құттықтап барды. Еңбек иесіне жүрек жарды лебізін білдіріп, аймақ полициясының дамуына қосқан зор үлесі үшін алғысын айтты. Сондай-ақ, Асхат Шахаров ардагер футболшы, танымал жаттықтырушы Анатолий Побирскийді де мерейлі 86 жасқа толуымен құттықтады.