Сау болам десең, скринингті ұмытпа. Алдын-ала ем алып, ауырмаудың жолын іздеген қала тұрғындары скринингтік тексеруден өтіп жатыр. Қаладағы №3 емханада түрлі жастағы емделушілер маман кеңесіне жүгінді. Олар үш кезеңнен тұратын арнайы медициналық тексеруден өтті.