"Жасыл ел" еңбек жасағының сарбаздары жалғызбасты қариялардың ауласын тазалап, қолғабыс етті. Қыста қарын, жазда қоқысын шығарып, зейнеткерлердің үй тірлігіне жәрдем беру жастар үшін дәстүрлі үрдіс. Бұл жолы "Ардагерді ардақтайық" акциясы аясында 92 жастағы әжейге әлеуметтік көмек көрсетті.