Кеше шаһарда «Владимир Дворкович Мемориалы - Aktobe Open 2025» халықаралық шахмат турнирі басталды. Спорттық доданың жүлде қоры 100 мың долларды құрайды. Жарысқа 21 елден үш жүзден астам шахматшы қатысуда. Тартысты дода 30 маусымға дейін жалғасады.