Шығармашылық академиясында Қазақстан журналистер одағының мүшесі, қоғам қайраткері Қанатбай Мәтжанның "Абайға жүгінейік" кітабының тұсаукесері өтті. Көпшілік алдында танымал қаламгердің сиясы кеппеген тырнақалды туындысы таныстырылды. Автор төл туындысын кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арнап жазған.