Әр бала – отбасының, әр азамат – мемлекеттің көрінісі. Аймақ әкелерінің рөлін арттыруға бағытталған дөңгелек үстел өтті. Шараға 70-ке жуық әке қатысып, психологтардан, әлеуметтік сала мамандарынан кеңес алды. Отбасындағы әке беделін нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері сөз болды. Жақында елордада өткен Х Республикалық әкелер форумына қатысып келген мамандар ақыл-кеңесімен бөлісті.