Өңірде «Айбын-2025» халықаралық әскери-патриоттық жастар жарысы тартысты өтуде. Спорттық дода Жеңістің 80 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына орай өңірімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және еліміздің әр аймағынан келген оқушылар өзара сынға түсіп жатыр.