Аймақта 49 қосымша білім беру ұйымы жанындағы жазғы алаң, 699 мектеп жанындағы жазғы лагер, 7 сауықтыру орталығы жұмыс істеп жатыр. Басым бөлігі шаһар білім ордаларында жасақталған. Қазір онда 42 мыңға жуық бала демалыстың екінші маусымын қызықты, әрі көңілді өткізуде. Бүгін облыстық білім басқармасы мен өңірлік БАҚ өкілдері бірігіп, жазғы лагерьлерді аралап, жұмыс барысымен танысты.