Жер аяғы кеңейіп, күн жылынып, көктем шығысымен аймақ шаруалары егістік алқаптарға тұқым себу жұмыстарын бастаған болатын. Күні бүгінге дейін ауыл шаруашылығы дақылдары 620 мың гектардан астам алқапта жүргізілді. Басым бөлігіне дәнді және мал азығы дақылдарының тұқымы себілді.