Мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында өңірдегі 700-ге тарта білім ордасының жанында лагерьлер жұмыс істеп жатыр. Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында ашылған "Айналайын" лагері екінші маусымын бастады. Мұнда балалар 4 мезгіл тамақтанып, түрлі танымдық-спорттық шараларға қатысады.