Франциялық Veolia компаниясы Ақтөбенің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың ұтымды шешімдерін ұсынбақ. Өңір басшысы Асхат Шахаров аталған халықаралық компания өкілдерімен және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту орталығының мамандарымен кездесуі өткізді.