Ақтөбе қаласында өтетін «Айбын-2025» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына жергілікті команданың дайындығы басталды. Облыстық делегация құрамында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының үш командасынан құралған 45 қыз-жігіт бар. Тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен олар он күндік қарқынды дайындықтан өтеді.