"Қақпа алдындағы кездесу" әлеуметтік жобасы аясында

облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты № 8 түзету мекемесінде жазасын өтеп шыққан азаматты қайта әлеуметтендіру шарасы ұйымдастырылды. 31 жастағы қала тұрғыны алаяқтық бабы бойынша алдымен бас бостандығы шектеліп, кейін пробация тәртібін бұзғаны үшін абақтыға қамалған.