Ауыл тазалығы — халықтың айнасы. Осындай ұранды желеу еткен қобдалық «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында аудан орталығын қоқыстан тазартты. Бірқатар көшеде ағаштардың тұқымын теріп, саябақтағы гүлдерге күтім жасады.