Қобдада Кеңес Одағының батыры Иманғали Білтабановты еске алуға арналған ардагерлер арасында облыстық жарыс өтті. Қатысушылар шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, шағын футбол мен жеңіл атлетикадан бақ сынады. Командалық және жекелей есепте топ жарып, жеңімпаз атанғандар жүлде алды.