Шаһардағы № 65 Жалпы білім беретін орта мектепте "Жас сақшы" сыныбы ашылды. Кабинетке Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың есімі берілді. Мұнда қабылданған оқушыларға
арнайы оқу бағдарламасы ұсынылады. Оның аясында балалардың Отанға деген патриоттық сезімін оятып, бойындағы көшбасшылық қасиеттерін дамыту, физикалық төзімділікке дағдыландыру басты мақсат. Берілген білім оқушылардың болашақ мамандық таңдауына ықпал етпек.