28-ші маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Облыстың саяси-экономикалық, рухани-мәдени, әлеуметтік тынысын жеткізуде "Ақтөбе" телеарнасының алар орны бөлек. Аймақтың айнасы 65 жылдан бері талғампаз көрермен көңілінен шығып, ақпаратты жылдам әрі сапалы таратуда орасан зор еңбек етіп келеді.