Атадан балаға мұра болған тарихи құнды жәдігер. Халық ақыны, жырау, өңіріміздің даңқты перзенті Нұрпейіс Байғаниннің шөбересі атасының домбырасын осы күнге дейін сақтап келген. Қазіргі уақытта ескірген аспаптың бастапқы қалпын сақтай отырып, қайта жөндеуді қолға алған. Арна тілшілері жас қолөнершінің шеберханадағы жұмысымен танысып қайтты.