Аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өрт сөндіруден ептіліктерін байқатты. Санаулы секундта киініп, кедергілерден өтіп, апатты ауыздықтады. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті журналистердің кәсіби мерекесіне орай осындай сайыс ұйымдастырып, үздіктерді марапаттады.