Қобыланды батыр атындағы орталық стадионның 50 жылдығына орай бүгін «Ақтөбе» футбол клубының 5 ойыншысы ерекше футбол матчына қатысты.
Команда ойыншылары алаңға шығып, 100 бүлдіршінге қарсы доп теуіп, өз шеберліктерін бөлісті. Жолдастық кездесу балаларға спорттық рух, керемет көңіл күй сыйлады.