Жыл басынан бері алты мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды. Бірі қоғамдық іске бағытталса, енді бірі бос жұмыс орындарына орналасты. Кәсіптік оқытудан өтіп, жеке бизнесін ашқандар да бар.

Биыл қайтарымсыз грант алған жас ақтөбеліктердің де қатары көбейді. Өңір жастарының ахуалы жайлы брифинг барысында жауапты басқарма басшысы баяндады.