Орманы мықты округ. Бұл Мұғалжар ауданындағы Құдайберген Жұбанов есімімен аталатын ауыл. Орталығы Қаракөл - қарағайлы орманның ордасы. Тау-тасымен ғана емес, көлімен, мөлдір бұлағымен, тал-терегімен, танымал мекен.
Көркем табиғатына биыл су жаңа тағы бір тәлімбақ қосылды.