«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында үздік деп танылғандардың бірі бидай өскіндерінің мұздатылған шырынын өндіретін «GREEN VITAMIN» серіктестігі.

Қатысушы азық-түлікке арналған үздік тауарлар номинациясын жеңіп алған болатын. Арна тілшілері аталған кәсіп түрінің негізін қалаушы Дмитрий Исаровтың бизнес нысанына барып жұмыс барысымен танысты.